Қазақстан Бірінші лигасының 10-турында павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Түркістан» командасымен ойнады. Қонақтар турнир кестесінің соңында тұрған қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады. Алайда матчтың тікелей эфирінде жанкүйерлер тек алғашқы екі голды ғана көре алды.

Алдыңғы турда өз алаңында ұпай жоғалтқаннан кейін, «Ертіс» құрама командасы бұл жолы 14-орында тұрған «Түркістан» футбол командасына қарсы ойнау керек болды. Сонымен ойынның 16-минутында жерлесіміз Рауан Орынбасар есеп ашып берді. Оның қақпа алдында орындалған голы жеңіске жетуге сеп болды. Бес минуттан кейін Владимир Воменконың пасынан кейін Матвей Герасимов есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда 26-минутта трансляцияда техникалық ақаулар басталып, матчтың соңына дейін түзелмей қойды, бұл жағдай жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Нәтижесінде, теледидар мен интернет арқылы бақылап отырғандар, Арман Смаиловтың хет-трикін, Артём Попов пен Тамерлан Ағимановтың голдарын, сондай-ақ алаң иелерінің жалғыз добын көре алмады. Осылайша матч 7:1 есебімен аяқталып, павлодарлықтар сенімді жеңіске жетті. Ал келесі матч 27 маусым күні «Ертіс» өз алаңында елордалық SD Family командасын қабылдайды.

Сабина Жолдаспаева