Павлодар қаласындағы мейрамханадан алған сынамалардан санитарлық дәрігерлер сальмонелла мен алтын стафилакокк анықтады. Қазір жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижелері құқық қорғау органдарына жіберіледі.
7 маусым күні қаламыздағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойы ұйымдастырылды. Жалпы 140 адам қонақ болып қайтты. Бірақ келесі күні, тойға келгендерде іш өту, қызу көтерілу, құсу сынды белгілері пайда болып, медициналық көмекке жүгінді. Соған қарамастан, мейрамхана 8-і күні де іс шара өткізеді, оған қатысқандар да ауырып қалды.
Жәнібек Шаймерден, Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Сыртқы орта объектілерінің шайындыларынан асүй ыдыстарынан салмонелла анықталды. Пісіруге арнғалған парақ стафилакок анықталды. Сондай-ақ, жабыдқатр мен шайындылардан ішек тобының бактериалары анықталды. Сонымен қатар, дайын өнімдердің сынамалары анықталды. Микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша жоғары ішек бактериалары, патогендік флора, салмонеллаа анықталды.
Материалдар құқыққорғау органдарына жіберіледі. Оның негізінде, кәсіпкерлік жұмыста қылмыстық іс әрекет бар ма, жоқ па анықталады. Айта кетейік, 7,8 маусымда қаламыздағы мейрамханалардың бірінде қонақтар астан уланып, медициналық көмекке жүгінген еді. Жалпы 67 адам зардап шекті, олардың 38-і ауруханада жатып шықты. Бәрінде сальмоннеллез анықталды. Қазіргі уақытта сырқаттанғандар инфекциялық бөлімшеден шығарылды.
Самал Қалиқызы