Жаздың аптап ыстығында суға шомылу – халық үшін сергіту мен демалыстың тиімді түрі. Алайда қауіпсіздік ережелері ескерілмесе, бұл демалыс қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Павлодар облысында шомылу маусымына орай қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көктем мезгілінен су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша 1621 рейдтік іс-шара жүргізілді.
Бүгінгі таңда өңірде 47 ресми жағажай жұмыс істейді. Оның 27-сі – коммуналдық, 20-сы – жекеменшік. Сонымен қатар, облыстық мәслихат шешімімен 128 қауіпті орында шомылуға тыйым салынған.
Ерлан Қасымов, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары
Бүгінгі таңда суға шомылу маусымы басталмас бұрын тж министірінің су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бұйрығы шығып ол бұйрық барлық мемлекеттік органдарға жолданды.Аталған бұйрықта жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайла департаменті , ұлттық ұлан қызметі, полиция қызметкерлері санипедем бақылау қызметі және барлық өкілетті ұйымға тапсырма беріліп жолданған болатын.
Сондай-ақ, биыл судағы қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға 85 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржы қоғамдық құтқарушылардың жалақысын төлеуге, жағажайларды жабдықтауға және ақпараттық жұмыстарға бағытталды.
Ерлан Қасымов, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары
Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдарымен суға шомылу барысында жаға-жағдайларды қамтамасыз ету және жарақтандырумен Қоғамдық құтқарушылардың жалақысын төлеуге 85 млн 108 мың теңге бөлінді. Жыл басынан аталған бассейіндер де 6100 оқушы суда жүзуге үйретілген. Сонымен қатар облыс аумағында суда тыйым салынған жерлерде 240 тыйым салу белгілері мен 18 ескерту баннері орнатылды.
Сонымен қатар, шомылуға тиым салынған 45 орынға кюар кодпен белгілері қойылды. Онда нақты учаскенің сипаттамасы көрсетілген. Құтқарушылар тұрғындарды белгіленбеген жерлерде шомылмауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сақтық – өмір кепілі.
Дильназ Куанышбекқызы