Айгүл Тұрсынқызы – жалғыз басты ана. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Уақытша жұмыс істемейді. Ол аталмыш акцияға осымен үшінші жыл қатарынан қатысуда. «Нұрқай» кеңсе тауарлары дүкенінің басшылығына алғысым шексіз,-дейді.

Айгүл Тұрсынқызы, жалғыз басты ана:

 «Нұрқай» кеңсесі бізге жеңілдікпен мектепке балаларымызды апару үшін көмек көрсетіп жатыр. Осы «Нұрқай» дүкеніне алғысымыз шексіз. Осылай жылдан-жылға бізге көмектесіп.

«Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған отбасылардың, асыраушысынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі жандардың балаларына кеңсе тауарлары үлестірілді. Яғни, 100-ден астам бүлдіршін мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қайратбек Нұрқаев, «Нұрқай» кеңсе тауарлары дүкенінің басшысы:

Бұл акция осымен 10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын «Мектепке жол» науқанына демеуші боламыз. Бүған көбінде аз қамтылған отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жалғыз басты аналар қатысады. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді. Қолымыздан келгенше қайырымдылық жасап тұрамыз.

«Нұрқай» кеңсе тауарлары дүкені 2004 жылдан бері жұмыс жасайды. Нұр-Сұлтан қаласында да филиалы жұмыс істейді. Аталмыш дүкен 15 жылдық тарихының 10 жылын қайырымдылыққа арнап отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ