Күлкі мен тапқырлықты ту еткен қалалық жайдарман лигасының маусымашары басталды. Бұл шара жаңа маусымның жарқын бастауына айналмақ. Әзілкештер сайысына облыстың аудан-қалаларынан 10 команда қатысты. Толығырақ сюжеттен көрейік.
Ең көңілді жастардың басын біріктірген «Жайдарман» бүгінде кеңінен танымал. Мәселен, биыл маусымашар ойынына қатысуға 18 команда өтініш берген. Алғашқы ойын шымылдығын 10 команда ашты, олардың көбі мектеп командалары. Сахна мәдениеті, ән мен би, мимика сияқты түрлі жанрларын қамтитын жайдарман жастардың шеберліктерін жетілдіре түскенін көрсетті.
Олжас Қоңыратбаев, Павлодар «Жайдарман» лигасының төрағасы
Бізде аса бір талаптар жоқ, еркін тақырып. Көрермендерге ұтымды әзілі болса болды, және квн тілінде айтқанда багаждары олса болды. Алдағы 27 сәуір күні Мираж деген командамыз Астана қаласында өтетін Жайдарман кап ойынына барады. Осы жылғы біз мақсат қойдық. Командалар санына емес, сапасына қараймыз. Сол командалардың барлығына күш салып, оларды Астана қаласында ойнату.
Командалардың арасында жаңадан шыққандары да, тәжірибелі топтар да болды. Олар күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігі мен мектеп кездерді әзілдеріне арқау етіп, көптің көңілін баурауға тырысты Әзілкештер сайысына Май ауданы, Көкпекті ауылынан келген «Күлкілі» командасы бар.
Толғанай Музкен, «Күлкілі» командасының мүшесі
Бүгінгі Маусымашарға алғаш рет қатысып жатырмыз. Одан бұрын аудандық, облыстық жарыстарға қатыстық. Командамызда 10 адам, 6 қыз және 4 ұл. Олар 9-10 сыныптарда оқиды. Квн ойындарына \айналысып жүргенімізге 3 жыл болды. Алдыңғы жылы облыстық квнге қатысып , жүлделі 1 орынды жеңіп алдық. Осы биыл маусымашарда алғаш рет шығып отырмыз, келесі кезеңге өтеміз деген ойдамын.
Бекасыд Арын жайдарман ойындарына қатарынан үшінші жыл қатысып келеді. Қызығушылығы мектепішілік сайыстардан бастау алған, қазіргі таңда «Кереку» командасының мүшесі.
Бекасыл Арын, «Кереку» командасының мүшесі
Жалпы, мақсатымыз әр ойыннан ләззат пен рахат алу.Яғни, нәтижеге қарамастан өзіміздің ойынымыз бізге ұнаса, сол ең бастысы деп ойлаймын.
Сабина Нұрғазықызы, «Алты мадам» командасының капитаны
Білім-инновация лицейінің оқушысымын. Мектеп атынан келіп отырған команда аты «Алты мадам». Қысқаша факт айта кетсем, осы команданың құрылғанына 8 жылдан асты, жайдарман ойындарына келіп, ойнап тұрамыз. Бірінші қасиет ол ұялмау. Яғни, кез келген рөл берілуі мүмкін. Екіншіден, жаттау қабілетінді көрсету керек. Мысалы, сахнада бір қыз сөзін ұмытып қалса, оның сөзін алып кету керек, солад үлкен рөл ойнайды.
Жайдарман ойындарының финалында қатысушыларды 600 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы және келесі жылы Астана қаласында өтетін жаңа маусымға жолдама алу мүмкіндігі күтіп тұр. Бұл – командалар үшін шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетуге берілген маңызды мүмкіндік болмақ.
Қымбат Садық