Ұлттық кітап күніне арналған шара мектептерде де өтті. «Бүкіл әлем — театр, ал адамдар онда — актерлер». Павлодар қаласы номері 25-мектепте осындай ұранмен Шекспир оқулары өтті. Толығырақ тілші сюжетінде.
Ағылшын драматургінің әлем әдебиетіне қосқан үлесі мол. Шекспирдің туындыларын оқып, талай ұрпақ өсті. Өнер, әдебиет ұлт пен ұлысқа бөлінбейді. Сондықтан оны оқу, тану өскелең ұрпақ үшін маңызды. Бұл ретте Ұлттық кітап күніне орай №25 мектепте театр өнері мен көркем сөз байқауы өтті. Қатысушыларға түрлі сала өкілдері баға берді.
Нұркен Тұрлыбек, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театры басшысының орынбасары
Әбіш Кекілбаевтың жақсы сөзі адамды дам еткен кітап. Кітап күні, Шекспирдің туған күні. Мен театр бойынша баға беріп жатырмын қазіргі таңда.
Байқауға қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олар «Көркем сөз» бағытында Уильям Шекспирдің шығармаларын ағылшын тілінде оқыды. «Театр өнері» бағытында драматургтің шығармалары сахналық қойылымда ұсынды.
Меруерт Шайкенова, №25 ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы
Әртүрлі әдебиет қазақи нақышта оқыған ұнайды. Гаухартас ұнайды. Яғни маңыздылығының әбеди нақышы, қазақи ынтымақты көтереді. Кітапты оқи бастағанда ана тілім жақсы дами бастады.
Байқау классикалық драматургияны насихаттауға, оқушылардың көркем сөз оқу және театр шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ эстетикалық талғамын, коммуникативтік және мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Данияр Құсайынов, университет оқытушысы
Жалпы алғашқы қатысушыларды көріп үлгердік. Дайындықтары өте жақсы. Сөйлеуі, интонациялары тиісті деңгейде. Өте ұнады. Ағылшынның ұлы драматургінің туған күні сондықтан оның шығармаларын насихаттау жастар арасында өте маңызды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.
Самал Қалиқызы