Павлодар қаласының барлық мектептерінде 9–10 сынып оқушыларына арналған «Шындықты тап» атты детективтік кейс өтті. Іс-шара шамамен 3000 оқушыны қамтыды. Оқу ордасы осы арқылы «Заң мен тәртіп» идеологиясын жас өскіндер бойында ерте жастан қалыптастыруды көздейді.
Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларға қылмыстық немесе құқықтық сипаттағы жағдайлар ұсынылып, олар дәлелдерді зерттеп, күдіктілерді анықтап, оқиғаның шынайы мән-жайын табуға тырысты. Тапсырмалар логикалық ойлау қабілетін ғана емес, сонымен қатар заң талаптарын дұрыс түсіну дағдыларын да қажет етті.
Сонымен қатар, іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысып, оқушылармен ашық диалог құрды. Олар жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, құқықбұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар келтірді.
Эльмира Қарашашова, Павлодар қаласы прокуратурасының аға прокуроры
Ең бастысы кәмелетке толмаған жеткіншектер өз құқықтарын біліп, заңды бұзбау керек екенін білсе дейміз. Олар жауапкершілікті сезіне білулері керек. Және осы тұрғыда сауатты болуы маңызды.
Қатысушылар интерактивті форматтың қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті. Олар топпен жұмыс істеп, бірлескен шешім қабылдаудың маңызын түсінді.
Элизавета Пинигина, №18 ЖОББ мектебінің 9- сынып оқушысы
Маған топта жұмыс істеген өте қатты ұнады. Және басқа мектептердің оқушыларымен танысу маған жағымды көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, біз жарыс барысында үлкен бір жауапкерлшілікті сезіндік.
Айта кетейік, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Дильназ Қуанышбекызы