Павлодар қаласында субұрқақтар іске қосылды. Жалпы шаһарда 20-дан астам фонтан қала көркіне сән беріп тұр. Біразында жөндеу жұмыстар жүріп жатыр. 22 сәуірден бастап субұрқақтар іске қосылды. Қалада қазір 22 фонтан бар, олардың 14-і істеп тұр. Қалғанында жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы
8 субұрқақта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл Аймауытов театрының алдында, Сәтпаев, Оқушылар сарайы алаңында, Шаңырақ орталығы аумағында, орталық мешіт және Баянауыл бос уақытты өткізу орталығында орналасқан субұрқақтар. Жөндеу аясында қасбеттері ауыстырылып, фонтан құрылғысы ауыстырылды.
Самал Қалиқызы