Павлодар облысында азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жолында бірқатар шаралар қабылдануда. Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және еңбек нормаларының сақталуына бақылауды күшейтті.
Азаматтардан келіп түсетін арыз-шағым, өтініштерге айрықша көңіл бөлінуде. Оларды қарап қана қоймай нәтиже шығару үшін шаралар қабылданады. Анықталған бұщушылықтар жойылады.
Азамат Жүнісов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары
Павлодар облысының мемлекеттік органдары 583 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жыл басынан халыққа 2 672 498 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 95,2%-ы электронды түрде, ал 4,7%-ы қағаз нұсқада көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер саласы бойынша 16 тексеру іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде 3-еуі жоспарлы тексеру юлдса, 13-і жоспардан тыс тексеру болған. Тексеру нәтижесінде рұқсат беру мерзімін бұзғаны және негізсіз бас тартқаны үшін 465-бап бойынша 3 хаттама толтырылған.
Азамат Жүнісов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары
Бізге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселесі бойынша өтініш беруші жүгінді. Ол жер учаскесін жеке меншікке біржолата немесе бөліп төлеу арқылы сату жөнінде мемлекеттік қызметке жүгінгін. ОЛ кісінің мәселесін тексеру кезінде уәждері расталып, қызмет көрсетуші мекемеге тиісті шаралар қабылданды.
Сондай-ақ мониторинг аясында мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасының сақталуы және жұмыс уақыты режимін де тексерілген. Бұл салада да бірқатар бұзушықытар анықталыпты. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға тиесілі демалыс сағаттары берілген.