«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыста ең үздік абаттандырылған аула байқауы басталды. Байқауға кімдер қатыса алады? Өтінімдер қай күнге дейін қабылданады және жеңімпаздар қалай анықталады? Алдағы сюжеттен көрейік.
Бұл бастама тұрғындар арасында тазалықты сақтау, аулаларды көркейту және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Байқауға көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары, мүлік иелері бірлестіктері, сондай-ақ үй басқару кооперативтері мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Конкурстық өтінімідер бірнеше крийтерилер бойынша бағаланады. Атап айтқанда, аулалардың санитарлық жағдайлары, кіреберістердің жарықтандырылуы мен ақпараттық тақталардың болуы. Гүл егілген алаңдардың абаттандыруы. Ең жоғары баға 100 бал. Қосымша бонустық балдар қарастырылған.
Байқауға өтінімдер 18 мамырға дейін қабылданады. Одан кейін комиссия мүшелері ұсынылған аулаларды бағалап, үздіктерін анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау 19 мамырға дейін жоспарланған. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталады.
Сабина Жолдаспаева