Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қабырғасында «Кітапқұмар оқырман» атты тағылымды шара өтті. Онда жыл бойы кітапхана өміріне белсенді қатысып, кітап оқуға ерекше қызығушылық танытқан үздік оқырмандар марапатталды. Сонымен қатар онлайн форматта ұйымдастырылған «Бір кітаптың сыры» байқауының нәтижелері қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Жыл басынан бері кітапханаға келушілер саны айтарлықтай артқан. Соңғы төрт айдың өзінде 6 мыңнан астам оқырман тіркеліп, 20 мыңнан астам кітап оқуға берілген. Белсенді оқырмандардың қатарында мектеп оқушыларынан бастап, ересек жастағы тұрғындар да бар.

Тілеуберді Сахаба, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың баспасөз хатшысы

Белсенді оқырмандарымыздың түрлі жастағы оқырмандарымыз бар .Сол кісілерге кітапханаға деген құрметі үшін мараттап жатырмыз. Бір кітаптың сыры атты байқаудың нәтижелері анықталды.

«Бір кітаптың сыры» атты онлайн байқауға 15-ке жуық бейнеролик келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен сол жұмыстардың ішінен мазмұны мен шығармашылық деңгейі жоғары төрт үздік жұмыс таңдалып алынған.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының 20 томдық жинағы табысталды. Екінші орынға Қабдеш Жұмаділов көптомдығы, үшінші орынға Дулат Исабеков шығармалар жинағы берілді. Ал арнайы жүлде Мағжан Жұмабаев жырларының көп томдық басылымымен марапатталды.

Дильназ Қуанышбекызы