Түрлі түсті бояулар, әсем музыка және санаулы минуттарда туындайтын идеялар. Павлодарда Дүниежүзілік креатив күніне орай «Креатив аймағы» атты интерактивті алаң ұйымдастырылды.

 Жастар бастамаларын дамыту орталығы бірнеше сағатқа шығармашылық пен қарым-қатынас алаңына айналды. Мұнда креативті жастар сурет салып, стартаптар ойлап тауып, фокустар жасауды үйреніп, үстел ойындарын ойнады, тіпті өздерін журналист ретінде елестетіп, импровизацияланған тікелей эфирге де шықты. Қатысушылар бір белсенділіктен екіншісіне еркін ауысып, өздеріне қызықтысын таңдады.

Әсет Шұға, №14 ЖОББ мектебінің оқушысы

Біз қазір түрлі шеберлік сабақтарынан өтіп жатырмыз. Ұнап жатыр. Сурет салу, диджей болу бәрі керемет. Сыныбыммен келдім. Мафия ойнадық.

21 сәуір Дүниежүзілік креатив күні атап өтіледі. Бұл ашық ойлар мен еркін форматтар алаңы. Мұнда дәстүрлі дүниелерден бастап ең заманауи, креативті бағыттар қамтылады. Барлығы PR, сән, тағам, театр, қолөнер, би, жаңа медиа, стиль, фото, дизайн және басқа да өнер түрлері арқылы көрсетіледі.

Аида Балтабаева, жастар бастамаларын дамыту орталығының креативті жастармен жұмыс жасау орталығы басшысының М.А.

Ең бірінші бізде екі масетр класс қарастылған. Екіншісі диджей қырларымен танысады. Арт аумақ болады сурет сала алады. Келесі монтаждап көрсете алады.

Жоба дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады. Қатысушылар саны да жыл сайын артып келеді.

Самал Қалиқызы