«Мұрагер» студенттік театры 10-маусымын жапты. Маусымның жабылуына орай «Айқай-3» қойылым көпшілікке ұсынды.

Қазіргі әлемдегі адам жаны неден күйзеледі? «Айқай» қойылымдар сериясы осы сұрақтың жауабын іздейді. Адам және қоғам. Қоршаған ортасының тигізер әсері. Сол әсерін тигізген орта оның даусын қаншалықты естиді? Егер естімей жатса осы қойылымнан көруіңізге болады.

Бауыржан Мұсаев, «Мұрагер» студенттік театрының режиссері

Осы әлемде айтылып жатқан, болып жатқан нәрселерге мән бермей өтіп кетеміз. Біз осын сахнаға шығарып, барынша көрсетіп, жеңіл түрде адамдарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жеткізгіміз келеді.

«Айқайдың» бұдан бұрын 2 қойылымы сахналанған. Онда да адам писхологиясындағы әйелдің жан-жүрегіндегі мәселер қаузалды. Студенттер өз пайымдарын өнер тілімен ұсынды.

Динара Айтбайқызы, «Мұрагер» студенттік театрының мүшесі

«Айқай 3» ол – әйелдің қиналуы. Әр түрлі себепке не түрткі болғанын анық айттық. Мен осы спектакльде депрессияға түскен адамның ролін ойнаймын. Белгілі бір адамдарпдың кесірінен психологиялық ауруға шалқығып дәрігердің көмегіне жүгінгіне адаммын.

Биыл «Мұрагер» студенттік театрының құрылғанына 10 жыл толды. Осыған бірқатар шаралар, соның ішінде Қазақстан бойынша гастрольдік сапарлар жоспарлануда.