Тақырыпты жалғастырамыз. Ұлттық кітап күніне орай №48 мектепте ең үздік оқырман, ең үздік бастауыш сынып анықталды. Жобаға қатысқандарға бағалы сыйлықтар табысталды.

№48 «Келешек мектебі» былтыр жаңа оқу жылы қарсаңында ашылған еді. Жаңа оқу жылы басынан оқушылардың қатысуымен түрлі жобалар қолға алынды. Солардың бірі – балалардың кітап оқуға құмарлығын арттыруға бағытталған. Осы Ұлттық кітап күніне орай жоба қорытындыланып, үздіктер анықталды.

Айнұр Бекбаева, №48 ЖОББ мектебінің директоры

Әр жобаның кезеңінде оқушылар әртүрлі сайсқа қатысты. Айбай өлеңдерін оқыды, оқыған кітабын сахналық қойылым қою керек. Сахналық қойылымға ата анасымен қатысты. Одан бөлек, өнегелі 15 минут деген бар. Сол жобаның негізіне енгіздік. Бастауыш сыныптың ең үздік оқырманын, ең үздік сыныбын таңдайтын боламыз.

500-ге жуық оқушы кітап оқып, Абай өлеңдерін жаттап, ата-аналармен бірге қойылымдарға қатысты. Кітаптарды оқып қана қоймай, мұғалімдерімен оны талқылады, пікір алмасты.

Әсия Қалдыбай, №48 ЖОББ мектебінің 3-сынып оқушысы

Маған барлық сайыстар ұнады. Мені мақтады. Осыдан барлығынан Абайдың 10 өлеңін айту қызықты болды. Біз көрініс қойдық. Екінші рет қойып жатырмыз. Мен «Тастамашы ана» деген кітапты оқыдым. 135 бет болды. 1 айда оқып біттім. Анасы қайтыс болды, соны оқыдым. Маған кітаптар ұнайды.

Кітап оқитын ұрпақты өсіру қазіргі заманның қажеттілігі. Телефонға телміріп өскен балалардан гөрі, аңыз әңгіме, ертегіге сусындаған жастардың көп болғаны абзал. Бұл ретте үздік оқырманға велосипед сыйға тартылды.

Самал Қалиқызы