Павлодардағы кәсіпорындар жұмыстарына цифрлық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Негізгі мақсат – жұмыс тиімділігін арттырып, бизнес-процестерді толық автоматтандыру. Мәселен, «Нефтехим ЛТД» ЖШС кәсіпорнында барлық жүйені біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа әзірленіп жатыр. Жобаны 2026–2030 жылдары толық іске асыру жоспарланған.
2024–2026 жылдары бірнеше жаңа цифрлық жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде кейбір жұмыстарды орындау уақыты 30–50%-ға қысқарған. «Келіссөз 24» жүйесі арқылы құжаттардың 90%-дан астамы электронды форматқа көшіріліп, рәсімдеу уақыты бірнеше сағаттан 20–30 минутқа дейін азайды.
Егор Николаев, жетекші бағдарламашы
Біз негізгі процестерді цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз. Бұл жұмыс жылдамдығын арттырып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар. Zoom платформасы енгізіліп, жиналыстардың басым бөлігі онлайн өтуде. Бұл шешім қабылдау уақытын екі есеге дейін қысқартты.
2025 жылдан бастап Indigo жүйесі арқылы қызметкерлер онлайн тестілеуден өтеді. Telegram-ботты 980 қызметкер пайдаланады. Ал тапсырмалар Pyrus жүйесінде бақыланады. Сонымен қатар, кәсіпорында компьютерлік техника толық жаңартылған.
Александр Скрипник, персоналды басқару директоры
Қызметкерлер жұмыс істеу үшін міндетті түрде арнайы оқудан өтіп, қауіпсіздік талаптары бойынша білімін дәлелдеуі тиіс. Егер тиісті куәлігі болмаса, жұмысқа жіберілмейді. Білімді тексеру арнайы комиссия арқылы жүргізіледі.
2025–2026 жылдары 60-тан астам компьютер жаңартылды. Соның арқасында жүйе жылдамдығы артып, техникалық ақаулар азайды. IT бөліміне түсетін өтініштер де шамамен 30%-ға қысқарған.
Дильназ Қуанышбекқызы