Шілде айынан бері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 280 өтінім қабылданған. Оның 252-і өзінің төлем қабілеттігін растаған. Құжаттар толық тексеріліп, нәтижесінде 169 отбасының өтінімі мақұлданды. Қазіргі уақытта олардың барлығына несие берілген. Баспанаға ие болу үшін көп балалы жанұяларға жеңілдетілген несиелер қарастырылған.

Сәуле Қабылбекова, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі поф клиенттермен жұмыс істеу басқармасының басшысы:

Бағдарлама бойынша үш санатқа «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, соның ішінде 4 және оданда көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар жанұялар қатыса алады. Жеке басты ана немесе әке қатыса алады. Мүгедек балалары бар жанұялар қатыса алады. Сонымен бірге, сол жанұялардың табысы төмен болу керек. Сондықтан орташа алты айлықты алғанда жанұяның әрбір мүшесіне бөлгенде 42500 теңдеген аспау керек.

Бағдарлама қатысушылары - көп жағдайда екінші дәрежелі тұрғын үйлерден сатылатын пәтерлерді таңдайды екен. Жыл соңына дейін тағы да 100 павлодарлық отбасы жеңілдетілген несие алады. Жалпы алғанда, 2030 жылға дейін өңірдің әр тұрғынын кем дегенде 30 шаршы метр аумақпен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазіргі есеп бойынша бір адам басына 22 шаршы метрден келеді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алғысы келетіндер барлық талаптарды орындау қажет.

Сәуле Қабылбекова, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ПОФ клиенттермен жұмыс істеу басқармасының басшысы:

Міндеттерді түрде акиматта кезекте тұру керек. Сонымен бірге біздің банкте счет ашып, Ол кісілерге біз тексеретіміз 6 ай бойы жұмыс істеу керек. Егер де жалақысы өте төмен болса, кепілдікке басқа кісіні алуға болады. Егер де өзі жұмыс істемейтін болса.

Бағдарлама бойынша өтінім бергендердің бірі – 42 жастағы көп балалы ана - Аяжан Сарсембаева.  Баянауыл ауданында тұратын бес баланың анасы 2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Жобаның арқасында баспаналы болуды армандайды. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу жұмыстарымен айналысуда.

Аяжан Сарсембаева, көп балалы ана:

«Біз де «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша келіп отырмыз. Біз де көп балалы анамын. Сол бағдарлама бойынша, өтініш бердік. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Үйлі боламыз деп ойлаймын.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының екінші кезеңі 2020 жылдың ақпан айында басталады. Бағдарламаның талабына татитын азаматтар өтініш бере алады. Сондықтан, қазірден бастап құжаттарды әзірлей берген, жөн дейді мамандар.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА