Балақайлардың болашаққа нық қадам басуына ең алғаш тәрбие алар мекенінің алар орны ерекше. Қаламыздың №104 балабақшада тәрбие-білім беру үрдісінің басым бағыты - мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Бүлдіршіндер күн сайын таңертен жаттығу жасайды. Мұндай үрдіс дәстүрге айналған. Семинар барысында ертегі желісі бойынша балақайлар сергітетін таңғы жаттығулар жасады.
Гаухар Жұмашева, №104 балабақша жетекшісі:
Жалпы, шарамыздың басты мақсаты-ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту. Біздің балабақшаның басты бағыттарының бірі – балалардың денсаулығына аса назар аудару. Жыл сайын бақшамызда көптеген шаралар орын алады. Ал, бүгін біз ата-аналармен бірлесе денсаулық семинар-практикумын өткіздік.
Балаларды сауықтыру мақсатында педагогикалық ұжым - ата – аналармен тығыз байланыста. Балабақша көлемінде өткен ашық есік, денсаулық күндері, спорттық жарыстарда, квест-ойындар ұйымдастырылады. Осы жолы да ата-аналармен спорт-жаттығу семинары қолға алынды.
Серік Құрманғазинов, №104 балабақшаның денешынықтыру нұсқаушысы:
Біз осы балабақшада әр күн сайын таңғы жаттығулар жасаймыз, сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Жыл сайын көптеген жарыстарға қатысамыз және республикалық жарыстарға қатысып отырамыз. Бүгінгі шараның мақсаты – біздің балалармен ата-аналардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты жұмыс жасау арқылы осы спортқа көп көңіл бөлеміз.
Тәжірибелік семинар - дене тәрбиесінің отбасылық тәжірибесін насихаттау және дене шынықтыру мамандарының инновациялық технологияларын көрсету мақсатында әзірленді. Балалар денесін шынықтырып,аурушаңдығын азайту мақсатында - медициналық қызметкерлер балабақшаның ас мәзірінде болатын дәруменді сусындарды ұсынды. Сондай-ақ, спорттық шараға балабақшаның қоғамдық өмірінде белсенділік танытып жүрген ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.
Мөлдір САҒИДОЛЛА