Жайдарман – жастар арасында кеңнен таралған әзіл сайысы. Бұл ойынның басты мақсаты оқушылардың моральдық, рухани және мәдени құндылықтарын арттыру, эстетикалық қабілетін дамыту, оқушылардың бос уақыттарын дұрыс қамтамасыз ету. Маусымашар бес кезеңнен тұрады. Әр командаға өздерін таныстыру үшін 5-7 минут уақыт беріледі.

Олжас Қоңыратбаев, облыстық «Жайдарман» федерациясының директоры:

Қазіргі таңда бір қуантатындай жағдай 12 команда жиналып жатыр. Атап кетсек, Шарбакты, Баянауыл, Ақтоғай, Май ауданы, осы қаламыздың жақын ауылдары Красноармейка, Павлодар ауданы, Ақсу, Екібастұз қаласынан келген командаларымыз бар.

Жалпы, Ертіс-Баян өңірінде мектептік лига ойындары соңғы рет 2015 жылы өткізілген. Бүгінде араға 5 жылдық демалыс салып, жанкүйерлерін қайта қуантып отыр. Айта кетерлігі, ойынға қатысушы командалардың дайындықтары жаман емес. Барлығы да кубоктан дәмелі.

Ерғанат Тілеубек, «Дарын.kz» жайдарман командасының ойыншысы:

Негізі «Дарын. Кз.» квн командасы бізден бұрын құрылған, біз «Рухани жаңғыру» аясында қайтадан сол есімді жаңғыртып ойнаған болатынбыз. Сол команданың атынан шығып отырмыз. Көптеген командалар келіпті, көбісін білмейді екенмін. Көбісі жаңа командалар.

Ал, жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Маусымашарға елімізден 700 команда тіркеліп,  200-і фестивальда өнер көрсетті.  Олардың қатарында жергілікті топтар да бар.

Әлішер Төлеутаев, «Драйв» жайдарман командасының ойыншысы:

Биылғы әмбебап маусымға 2020 жылғы маусым 15 жыл  қатарынан  өтіп жатыр. Павлодар облысынан бізде 17 команда қатысты. «Драйв» құрамасы да қатысты. Әр команда әртүрлі Қазақстан бойынша лигаларға жолдама алды.

Осы жолғы ойын көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Алда - 1/8 ойындары.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған қатысатын командалардың саны бұдан көбірек болады.  

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ