Әскери жинақылық, саптық адым, әскери міндет пен темірдей қатал тәртіп – Сәбира Ермағамбетоваға таныс дүниелер. Ол осы мамандықты таңдағанына еш өкінбейді. Өйткені, бұл бала кездегі арманы болса керек.
Сәбира Ермағамбетова, 4-курс студенті:
Мені атам тәрбиеледі. Сондықтан болар мен ер мінезді болып өстім. Маған үй жинағаннан гөрі ерлердің жұмысын істеген оңайырақ болатын. Ал, бұл мамандыққа келетін болсақ. Ешқандай ерекшелігі жоқ. Осы төрт жылдың ішінде әскери бағытитың қыр-сырын меңгеріп алдым.
Әрине қазіргі таңда әскери бағытта білім алып жатқан қыздар өте аз. Себебі, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беру үшін, тек қана бұл қызметке деген қызығушылық жеткіліксіз. Ал, біздің кейіпкеріміз тек әскери педагогикалық бағытпен шектелгісі келмейді. Ол алдына нақты мақсат қойған.
Сәбира Ермағамбетова, 4-курс студенті:
Мән әскерге барып Отан алдындағы борышымды өтегім келеді. Әзірге Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет етемін. Бірінші тәжірибе жинау керек.
Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының жетекшісі Валентина Лебедеваның айтуынша соңғы кездері аталмыш мамандыққа қызығатын нәзік жандылар саны артып келеді. Тіпті кейбірі бұл салаға жылдам бейімделсе керек.
Валентина Лебедева, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының жетекшісі:
Әр жыл сайын біздің факультетке оқуға түсетін қыздардың саны артып келеді. Ал, Сәбираға келетін болсақ, оқуда алғыр, тіртіпті ұстай білетін қыз. Өзінің айтуы бойынша әрі қарай бұл саланы жалғастырып оқығысы келеді. Сондықтан бізге оқуға келіпті. Ол өзінің сөзін берік ұстай алатын студен. Әрқашан оған сенім артуға болады.
Сәбира қазіргі уақытта 4-ші курстің студенті. Алдағы уақытты арман-мақсаттарым орындалса ҚР ҚК-де қызмет еткім келеді, - дейді.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ