Балық аулауға тыйым салудағы басты мақсат су жәндіктерінің табиғи өсімін молайту. Балықтардың көктемгі уылдырық шашуы оларды аулауға мүлде тыйым салынады. Сондықтан, сала мамандары 10-мамырдан бастап 20-шы маусым аралығында өзен көлдерге аулау құралдарымен барғандарға айыппұл салатын болады. Жалпы, осы кезеңінде уылдырық шашатын айдындарда моторлы қайықтармен және басқа да жүру құралдарымен жүруге тыйым салынады.
Руслан Төлепбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
Аталған шектеу шараларын бұзу анықталған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК 383 бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Онда аулау заттары мен құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 20 АЕК, кәсіпкерлік субьектілерге 60-тан 250-ге АЕК дейін айыппұл қарастырылған.