Бүгін Павлодар қаласының жас еріктілері өзен жағалауы мен демалыс орындарын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаға қамқор болудың нақты үлгісін көрсетті. Бұл – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. «Таза Қазақстан» акциясы Усолка мөлтек ауданында өтті.

Студенттер қолдарына қап алып, өзен жағалауын тазалауға шықты. Олар табиғатты қорғаудың маңыздылығын өз ісімен көрсетті. Акция жастардың белсенділігі мен табиғатты қорғауға деген ынтасын айқындап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосты.

ГУЗЕЛЬ КАПЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

Бүгінгі күні 50-ден астам адам болып жиналып Усолка аумағын жинауға барлығымыз бірге жинауға үлес қосамыз. Себебі қазір дала жылы. Өзіміз бәріміз бірге қосылып, ойын ойнап, кішкене би билеп. Дене шынықтыру жасап қазір ауланы жинауға баратын боламыз. Себебі барлығы кішкентай қадамдардан басталады. Біз осылай кішкене қаламызға үлес қосқым келеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына үлесімізді қосып, ауланы жинауға шығамыз.

Тазалық науқанына белсенді қатысқан жастар қап-қап қоқысты жинап, полигонға апарды. Енді, бұл эстафета Ақсу қаласының жастарына жол тартты.

Әйгерім Тоқпанқызы