Облыс орталығында «Жұлдыз» стадионында «Жас құтқарушы» слеті өтті. Шараға облыс бойынша 12 мектептен келген 104 оқушы қатысты. Олар түрлі жарыстарда өз шеберліктерін көрсетті. Жас құтқарушы болуға ынталы балалар жарыс барысында білімдері мен ептіліктерін сынады.
«Жас құтқарушы» слеті дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Мұндай жарыстар айрықша маңызға ие. Слеттің мақсаты балаларды төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйретеді. Қуантарлығы, жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді.
ЕРДЕН АРЫНҒАЗИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Бүгінгі таңда облыстық «Жас құтқарушы» сайысын өткізіп жатырмыз. Қатысушылар 12 команда. Қала мен аудандардан келді. 12 командада 104 оқушы қатысып жатыр. Осы 12 команданың жеңімпаздары Республикалық жарыстарға барады.
Командалар жарыстың түрлі кезеңдерінен өтті. Алғашқы көмек көрсету, жылдамдықта жүгіріп, кедергілерден өту сияқты тапсырмалар болды. Сайысқа ер балалармен қатар бойжеткен қыздар да қатысты.
ІҢКӘР УӘХИТ, ҚАТЫСУШЫ
Мен осы салада 1 жарым жыл жүрмін. Менің өзімнің қалауым болды. Өйткені маған қызықты болды. Болашақ мамандығымды осы саламен байланыстырғым келеді.
ДИАС АРЫСТАНБЕК, ҚАТЫСУШЫ
Бұл маған өте қызық болды. Мен мектпте осындай сайыстарға көп қатыстым. 1 жылдай болып қалды қатысып жүргеніме.
Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, республикалық додаға жолдама алды. Мұндай жарыстар төзімділік пен тәртіп қасиеттерін дамытуға жетелейді.
Сабина Жолдаспаева