Бүгін Павлодар қаласында Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде «Дәстүрлі Әлихан Бөкейхан оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Бұл ауқымды шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Толығырақ келесі сюжетте көрейік.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Атап айтсақ, жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдарымен қоса, Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Теміртау, Ақмола және Қостанай қалаларынан келген ұстаздар бас қосты. Олар ұлттық мұраны дәріптеп, ұрпаққа үлгі болар тұлғаның еңбектерін талқылады.
ЛӘЙЛӘ ЖҮСІПОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Ә. БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ
Сағат 12 дейін пленарлық жұмыстар болды.Оның ішінде бірінші бөлім ғалымдар жұмымсарымен қатыстырды. Одан кейін Ә.Бөкейханның орталығына барып,ол жердегі жұмыстарының мазмұнымен таныстырдық.Ә. Бөкейханның мүсініне тағызым жасап гүл шоқтарын қойдық.қазіргі уақытта менктепте Ә.Бөкейхан оқуларының ғылыми конференциялық практикалық бөлімі болып жатыр.
Сонымен қатар, лицей Әлихан Бөкейхан атындағы мектептермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында алғаш рет 10 күндік республикалық «Әлихан Бөкейхан декадасы» ұйымдастырылды. Бұл бастама тұлғаның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған.
ӘДІЛБЕК ӘМІРЕНОВ,ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Жас ұрпаққа Ә.Бөкейхановтың кім екенін түсіндіру.Бүгінгі баяндамаларда мысалы үшін әртүрлі баяндамалар жасады Ә.Бөкейхантың фальклорға қатысы, тарихқа қатысы, экономика, философия сан салалы ғой. Осының барлығын жан-жақтан келген оқушыларда қонақтарда тындап бірталай мағлұмат алды деп.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан — қазақ халқының тарихында орны ерекше, дара тұлға. Ұлты үшін жасаған ерен еңбегі, қалдырған мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. Осындай іс-шаралар арқылы ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу —ұрпақ алдындағы парыз.
Дильназ Куанышбекова