Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжітұлы Әбдіров келді. Елордалық мейман өлке депутаттарымен және жастармен кездесті. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Астадан келген мейман алдымен жоғары оқу орнын аралап, тынысымен танысты. Одан кейін жиын университеттің мәжіліс залында жалғасты. Онда орталық сайлау комиссиясының төрағасы трансформациялау үдерісі туралы айтып, сайлау комиссиясының жұмысын жетілдіру мақсатында енгізілген жаңа өзгерістер мен бастамаларды атап өтті. Бүгін елімізде 246 аумақтық сайлау, 3021 округтік және 10 327 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді. Орталық сайлау комиссиясы жұмысын жаңартып, жоғары стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, студенттерге арналған ерекше мүмкіндік ұсынылды — олар кюар код арқылы өздерінің сұрақтарын мейманға онлайн түрде қойып, жауап алды. Төраға сайлау комиссиясы жұмысын дамыту стратегиясы туралы да айтты.
Әйгерім Тоқпанқызы