Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында әнші, әрі композитор Бақытжан Жұмаделдиновтың шығармашылық кеші өтті. Оған атақты жерлесіміздің өлеңдерін сүйіп тыңдайтын ән сүйер қауым қатысты.

Әншінің репертуарында туған жеріне арнап қалам тербеген еңбектері көп. Бұдан бөлек, жерлесіміз еліміздің қалалары мен ұжымдарына ән арнап, көпшілікті тәнті етіп келеді. Сондан-ақ, ол әр түрлі деңгейдегі ән додаларына қатысып, лауреат атанған. Шығармашылық кеште композитордың 20ға жуық әндері шырқалып, би ұжымдары өнер көрсетті.

 БАҚЫТЖАН ЖҰМАДІЛДИНОВ, КОМПОЗИТОР

бүгін менің жеке концертім. Мен оны жыл сайын өткіземін. Осындай керемет сәт сәуір айында орын алғанына мен өте қуаныштымын. Палодар тұрғындары мен мекемелерге алғысымды білдіремін мен қолдап жатқандары үшін.Менің концертім ерекше форматта өтеді, себебі арнайы дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне ауыл, аудандарға арналған әндерім шырқалады. Өзімнің шығармашылығыммен қаламыздың даңқын көтеруге. Қолдауға мақтан етуге тырысамын.

Кеш барысында көрермен қауым композитордың шығармашылығына тағы бір мәрте тәнті болды.

Дильназ Куанышбекова