Облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті рет экологиялық сенбіліке қатысты. Шарада еріктілер, түрлі ұйымдардың өкілдері мен аға буындар атсалысты. 200ден астам қатысушы Усолка жағалауы маңынан 10 тоннадай қоқыс жинады.
Акция – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды экологиялық бастама. Бір ай бойы облыс бойынша сенбіліктер, ағаш отырғызу және су айдындарын тазарту шаралары ұйымдастырылды. Кезекті сенбілікте қатысушылар табиғатты қоқыстан тазартуға белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Экология саласында тек қана мекемелерді тексеріп қана емес, тазалықты сақтау, қоршаған ортаға әсері осындай ізгі, жақсы шараларды өткізуге тырысамыз. Әрине ақырғы деп айтуға болмайды. Әрқашан Таза Қазақстан әрі қарай жүре береді. Біздің жерлестірімізден сұрайтынымыз, демалысқа шыққанда өздерімен алып келген заттарды, маңайын жинап жүрсе, ең алдымен өздеріне, қоршаған ортаға құрметі болады.
Мұндай экологиялық бастама халықтың табиғатқа деген терең жауапкершілігін оятады. Қолдарына қолғап пен қап ұстап, жағалауды қоқыстан тазарту үшін белсенді түрде жұмысқа кірісті.
Әнуарбек Наурызбай, ерікті
Менің жолдастарым осы акцияны қолдайды. Біз жыл сайын осы шараға қатысамыз. Менің ойымша осы акция өте маңызды. Біз Павлодарды таза ұстау деген ниетіміз бар. Барша көрермендерге акцияға қатысуға шақырамыз.
Айта кетейік, бұл экологиялық акцияға 200-ден астам ерікті өз үлесін қосты.
Сабина Жолдаспаева