Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Кітаппен дос болайық» тәрбиелік маңызы зор шара ұйымдастырылды. Балалар "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты қуыршақ қойылымын тамашалады.Квест ойындарына қатысып, шаш өрді. оригами жасап қолөнер шеберлік сағаттарынан өтті.

  Басқосу «Ымыртағы кітапана 2025» бағдарламасымен басталды.Мерекелік кешке балалар мен ата-аналар қатысты. Сондай-ақ, рухани азық ордасының белсенді оқырмандары арнайы сыйлықтармен мараппатталды.

АЛПЫСБАЙ ХОНЖ, С. БАЯЗИТОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шара барысында балаларымыз әртүрлі бағыттарда мерекелік шараларға қатысады.Оның ішінде зияткерлік ойындар,әртүрлі логикалық ойындар,сонымен қатар роботатехника және шеберлік сағаттары өтеді.

Балалар салтанатты кештің әр сәтінен қуаныш пен шаттық әсерін алды. Олар жаңа нәрселер үйреніп, дос тауып, қызықты естеліктер жинады. «Кітаппен дос болайық» бұл бастамасы – болашақ ұрпақтың рухани дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

ҚАЙСАР БАУЫРЖАН, 5 - СЫНЫП ОҚУШЫ

Мен осы кітапханада жүргізуші болдым. Мен шахмат.домбыра үйірмелеріне қатысамын.

Кітап – білімнің қайнар көзі. Мұндай шаралар арқылы кітапқа деген құрмет артып, өскелең ұрпақтың ой-өрісі кеңейе түсері сөзсіз.

Дильназ Куанышбекова