Павлодарда жас жол қозғалысы инспекторларының қалалық слеті өтті. Мақсат-балалар мен жасөспірімдерді жол қозғалысы ережелеріне қазірден бастап дағдыландыру. Жарысқа 13 мектепті оқушылары қатысты.

Балалар мен жасөспiрiмдердiң қатысуымен болатын жол-көлiк оқиғаларының алдын алу, бұл бағыттағы жұмысты жетiлдiру шараның негізгі міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, балалардың жол-көлiк жарақаттарының алдын алу мәселесiне мүдделi ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару. Слет жарыс түрінде ұйымдастырылды.

ЕВГЕНИЯ МҰХАЖАНОВА, «ПАВЛОДАР ДАРЫНЫ» БОС УАҚЫТТЫ ҚАМТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Жарысқа «Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының» мүшелер мен полиция қызметкерлері төрелік етеді. Балалардың саптық дайындығынап алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері бара береді. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары облыстық сайысқа жолдама алады.

Слет бағдарламасы алты байқаудан тұрады: саптық байқау, жол жүрісі ережелерін білетіндер, жас реттеуші, жас санитар, бейнероликтер конкурсы және эрудиттер турнирі.

Жас инспекторлар жол қозғалысы ережелерін білумен қатар, топ болып әрекет ету, логикалық ойлау, төтенше жағдайларда жылдам шешім қабылдау қабілеттерін де көрсетті.

Сабина Жолдаспаева