Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барлық мекеме мен кәсіпорындар ат салысуда. Өз аумақтарын абаттандыруға мыңдаған тұрғын ат салысқан. Осылайша өз қалаларының көріктенуіне барша павлодарлықтар ынталы екендіктерін танытып отыр.
Көктем келгелі «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мың шаршы метр аумақ тазартылып, 12 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылған. Ал, Павлодар қаласының әкімдігі барлық ұйымдар мен тұрғындар үшін қоқысты сыртқа шығаратын техникаларды тегін ұйымдастырған.
ДАНИЯР ЖҰМАДІЛОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Жалпы Павлодар қаласында көріктендіру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала көшелеріндегі аялдамалар болсын, бағдаршам, жарық бағаналары болсын, орындықтар болсын жаңартылып, боялып жатыр, тазартылып жатыр. Жол белгілері, жолақтар қайтадан жаңартылып жатыр. Оның барлығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Биыл көгалдандыру аясында Павлодар қаласында 20 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.
Көшеттерден бөлек 35 мың түп гүл егу жоспарланған. Ал, тазалық жұмыстары қаланың барлық саябақтары мен демалыс орындарын қамтыды. Қазір Павлодар қаласындағы ескерткіштерді бояу жұмыстары жүруде.
ДАНИЯР ЖҰМАДІЛОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Қала аумағында 17 шағын саябақ абатттандырылатын болады. Тағы да көгалдандыру шаралары аясында бізде қала көшелернде ағаштар рекострукциялар өткізіліп жатыр. Астана көшесінде ескі ағаштар алынып, орнына жаңа ағаштар отырғызылған болатын. Жаңарту жұмыстары қазір Торайғыров-Бектұров көшелерінде жүргізіліп жатыр.
Акция басталғалы қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға аулаларын тазарту жөніндегі 2392 хабарлама жіберіліп, талаптарды бұзғаны үшін 556 кәсіпкерлік нысанға хаттама толтырылған.
Жанасыл Серікбол