Павлодарда 25-ші рет Сәтпаев оқулары өтті. Онда ғалымның жинақтарынан 10 томдық және Біріккен Ұлттар ұйымының 6 тіліне аударылған очеркінің тұсаукесері болды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Сәтпаев оқулары дәстүрге айналған шара. Бұл 25-ші рет халықаралық деңгейде жүйелі түрде ұйымдастырылатын бірде бір ғылыми конференция. Алдымен университетің алдында шараның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған жоба қорғаушылары, оқытушылар, ғалымдар, мәртебелі меймандар қатысты.
ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Сәтпаев оқулары еліміздегі ғылым саласында ең жүйелі, тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан оқулардың бірі. Қаныш Имантайұлының есімін қалай ұлықтасақта жарасады. Бұл қазақтың руханиятын насихаттау. Оны қалай ұлықтасақ та, қалай мақтасақ та артық етпейді. Өйткені сан салалы тек қана ғылым емес, түрлі Алаш руханиятына да үлес қосқан заңғар тұлға.
«25-ші Сәтпаев оқулары» ғылыми конференциясы екі бағытта жұмыс бастады. Ресми ашылудан кейін қатысушылар 36 секцияға бөлініп, сонда жобаларын қорғады. Жас ғалымдардан 1500-ге жуық мақала түскен. Жалпы 700 қатысушы жобасын қорғады.
ДІНМҰХАММЕД СЕМБАЙ, ИСМАИЛ ҚОЖАБЕРГЕН, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ №2 ЖОББМ ОҚУШЫЛАРЫ (ЕКІБАСТҰЗ)
Біздің жобамыздың аты лидар қосымшасы арқылы ауа деңгейінің сапасын анықтау. Біздің Павлодар облысында зауыт, фабрикалар толы болғандықтан, улы газдар да болуы мүмкін. Лидар қосымшасы арқылы соны анықтау үшін осы жобаға келдік. Жобаға негізі осы ойымыз 5 сынып аяғында келген. Мұғалімге айттық. Осылай жобаны шығардық. Ол жоба блютуз арқылы жұмыс жасайды. Лидар қосымшасы қыстырылады.
Халықаралық конференцияға Қазақстанның басқа өңірлері мен Ресейден қатысқандар да болды. Жас ғалымдар 30-дан астам бағытта бақтарын сынап, ғалым Қаныш Имантайұлының салған сара жолын жалғастыруға ниет білдірді. Сондай-ақ, конференцияда Сәтпаевтың 10 томдық еңбектер жинағының тұсауы кесіліп, 7 тілге аударылған «Қысқаша өмірбаяндық очеркі» таныстырылды. Биылғы мерейтойлық шараның ерекшелігі де осы.
АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, ҰҒА-НЫҢ АКАДЕМИГІ
Сәтпаев оқулары ширек ғасыр бұрын алғаш рет өткізген болатынбыз. Тура 25 жылдай тағы өтіп отыр. Оның ерекшелігі осы күні 10 томдық шығармаларын әкеліп отырмыз. Қанышты шетелдіктер де тану үшін БҰҰ-ның 6 тілі испан, араб, қыьай, ағылшын, орыс, француз және қазақ тілінде тұсаукесері өтпекші.
Жалпы Сәтпаев оқулары Қазақстан ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға арналған бірегей алаң. Сондықтан оның дәстүрлі түрде жылда өтуі – Сәтпаевтың қазақ ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі деуге болады.
Самал Қалиқызы