26 сәуір - «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыреспубликалық ағаш егу күні. Бұл күні Павлодар облысы бойынша 6 мың түп көшет отырғызылды. Экологиялық акцияға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.
Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 26 сәуір ағаш егу күні деп бекітілді. Осы ретте жер-жерде бұл күні жаппай ағаш отырғызылды. Осы ретте экологиялық акция шеңберінде ардагерлер бағы да жасыл желекке көмкерілді.
Мақсат Оралбеков, Павлодар облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының бас маманы
Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін ардагерлер бағында 100 қарағай ағашы отырғызылып жатыр. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс бойынша 10 мың көшет отырғызылды. Бүгін тағы 6 мың ағашты егу жоспарланып отыр. Олар тек қана Павлодар да емес, Ақсу мен Екібастұз қаласында да көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Жасыл желекті күту жұмыстары енді концепция негізінде үш жылдай мердігерлердің қолында болады. Осыған дейін шарт біржылдық еді, енді екіжақты жауапкершілікті арттыру мақсатында шарт үш жылға ұзартылды. Айта кетейік, ағаш отырғызу жұмыстар күзде де жалғасады.
Самал Қалиқызы