Мал азығын дайындауға жеке шаруашылықтармен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілер де кірісуде. Ең бастысы шөп шабатын, жинайтын, орамаға түсіретін қажетті техникалар жұмылдырылған. Ауа райының биылғы жайы мол өнім алуға кедергі болмайды дейді мамандар.
Байболат Рахымжанов, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Ауа райы енді, несі бар жасыратыны, кішкене қолайсыздау болды. Мамыр айының ортасынан бастап осы күнге дейін жауын-шашын болған жоқ қой. Өткен жұмадан бастап жауын-шашын әр жерде болып жатыр. Жағдай кішкене түзелген сияқты.
Ауа райының құрғақшылығына қарамастан, аудандар шөп жинауға кірісіп, алғашқы өні жинады. Қазірдің өзінде 53 мың тонна шөппен 17 мың тоннадан аса пішендеме дайындалды.
Байболат Рахымжанов, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Жыл сайын облыс бойынша, 1 миллионнан аса шөп дайындалады. Сол жобаға келеді. Жоспар бойынша 210 мың тонна – сабан, сүрлем – 127 мың тонна жиналады. Өткен жылғы қордан 53 мың тонна сүрлем, пішендеме 13-14 мың тонна, шөп 72 мың тонна қалған.
Шаруалар биылғы жылы 1 миллионға жуық мал қоры жиналады деп болжап отыр. Осы құрғақшылыққа қарамастан диқандар 1 гектардан 4-5 центнер өнім алуды көздейді.
Әйгерім БОЗАНБАЕВА