Мөлдір Сағидолла, тілші:
Зағип жандар үшін Ертіс-Баян өңірінің қасиетті мекендерін таныстыру мақсатында жаңа жоба яғни, жолкөрсеткіш ұсынылды. Мәселен, бұл Баянауылдағы Жасыбай, қазақтын киіз үйі, Мәшһүр Жүсіп мешіті. Өкініштісі, бұл мекендерге олар өз аяғымен барып, көздерімен көре алмайды. Ал, макеттер арқылы қолдарымен ұстап, жазылған мәліметті брайль әліпбиімен жазылған кітаптан оқитын болады. Айта кетейік, жобаның жүзеге асуына жазасын өтеушілер зор септігін тигізген.
Бұл жобаны 3 ай көлемінде АП 162/4 мекемесіндегі екі жазасын өтеуші дайындаған. Олар әйгілі француз тифлопедагогы, зағиптарға арналған алғашқы оқу орындарының құрушысы, Валиентин Гаюидің мүсінін жасаған. Сонымен қатар, облысымыздың маңызды географиялық жерлеріне зер салған. Бүгінде шеберлер Абай мүсінін жасауды бастап кетті. Айта кету керек, олар биыл мамандандырылған кітапханамен алғаш рет жұмыс жасап отыр.
Сұлтан Байкин, АП 162/4 мекеме жетекшісінің орынбасары:
Осы мекеменің қызметкері бізге ұсыныспен келді. Жазасын өтеуілерге задание берілді. Осы бүкіл макеттерді картоннан істеді. Мешітті ағаштан істеді. Екі сотталған.
Бұл жобаның мүгедек жандар үшін тиімділігі мол. Көзі нашар көретін жандарға арналған Брайльдің нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған кітаптар. Бұған дейін, көру қабілеті нашап жандарп үшін жарықпен бейімделген тактиль картасы да жүзеге асқан.
Ләззат Қуантаева, кітапхана басшысының орынбасары:
Мекемеге көп рахметімізді айтамыз бізге көмектескеніне, осылай ат салысқанына. Мақсатымызда әлеуметтік экскурсия жасау. Арбадағы кіслер өздері жалғыз бара алмайды. Оларды сүйемелдеушілер бар. Дыбыстандырылған кітапты олар оқып бере алады. Енді бес, алты жылда ағышшынша қосайын деп жатырмыз. Бүкіл мәліметті, ақпаратты сол істеген.
Енді зағип жандар да еліміздің қасиетті жерлері мен сәулетті архатектуралық мекемелерімен етене таныса алады. Бүгінде кітапханаға 900-ден аса мүгедекер келеді, оның 60-тан астамы ерекше балалар.
Мөлдір САҒИДОЛЛА