Терек ағашы өзге де өсімдіктер сынды  күннің жылынуымен бүр жара бастайды. Гүлдеу уақыты жаз шығысымен басталады. Терек басқа ағаштармен салыстырғанда, қаланың ауасын шаңнан және улы газдардан жақсы тазартып,жылдам өседі. Алайда, теректен  келетін зиян –жаз шықса болды мамық шашады. Бүгін де қаланың  көшелерін ақ  мамықтар басып жатыр. Ал,ақ ұлпа аллергиясы бар адамдардың мазасын қашыруы мүмкін. Салдарынан олар көп тітіркеніп түшкіре бастайды.Ал, Биолог маманның айтуынша аталмыш ағаш мамығы аллергия тудырмайды - дейді.

Татьяна Пономарева, биолог:

Мен биолог ретінде бұл терек мамқытарның зияны тек қана өрт қауіптілігі деп айта аламын. Ал, басқа проблемалар тұрғысынан айтатын босақ иә , ол жағымсыз, әрі тітіркендіреді. Бірақ ғалымдар бұл теректің аллергия тудырмайтындығын дәлілдеген.

Қалалларды тезірек  көгалдандыру мақсатында теректер 50 жылдардың басында жойылған ағаштардың орынна егілген болатын.Ол әдемі болғаны мен терек мамығы бүгінгі күнге дейін қиындық тудуруда. Биолог маман  бұл ұлпа  терекгінің бұрыннан отырғызылмайтындығын  қоса айта кетті. Сондай-ақ бұл кезеңде шыдамдылық танытуға щақырады.

Татьяна Пономарева, биолог:

Бұл кезеңге сабырлық  танытуымыз керек.Және өрттің алдын алу шаралы жасалу керек. Сонымен қоса халыққа еш алаңдаудың қажеті жоқ екендігін айтқым келдеі.Себебі  бұл теректер енді отырғызылмайды.

Сондай-ақ жаз мезгіліндегі өрттің жиілеу себептерінің бірі – осы мамықтар. Терек мамығын  өртеуді қызық көретін балалар онвң түтвнаып, ірі нысандар мен автокөліктерді шарпуы мүмкін екенін білмейді.Баланы қойып ересектердің өзі бұл жағдайға немқұрайл қарайды. Мысалы, жанып тұрған шылымды жерге тастай салудың арты алапат өртке әбден алып келуі мүмкін. Ал мамықтың өртенуіне сәл ғана шоқ жетіп жатыр.

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

Қазіргі кезде осы аулаларда, автокөлік тұрақтарында дер кезінде уақытылы тазалау, терек мамығын. Неге десеңіз, өздеріңіз білесіздер ол тез жанады. Осы ауа райының ысуына байланысты, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Балаларды қараусыз қалдырмауға, мына терек мамығын уақытылы тазалауға. Құрғақ шөпті және қоқыстарды жақпауға. Өрт қауіпсіздік қарапайым ережелрін сақтауға шақырамыз.

 

Айта кетейік былтырғы жылы  үлпектің салдарынан 35 дерек тіркелген. Осыған орай төтеншеліктер қала жұртшылығын абай болуға шақырады.

 

 

Әсем Оразбекқызы