1992 жылы 13 шілдеде Президент Жарлығымен елімізде Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Сол күннен бастап жылда ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні атап өтіледі. Аталмыш орган қызметкерлері тұтас Қазақстан Республикасының елдігі мен егемендігін сақтау жолында еңбек етуде. Мұхаметқали Жантеміров осында ширек ғасырдай қызмет жасаған. Ардагердің еңбек жолы мен қызметі бүгінгі жастарға үлгі.
Мұхаметқали Жантеміров, ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Мен ерте уақытта келдім ғой. Қазір 25 жыл осында істедім. Мен ауданда, Екібастұз қаласында, Алматыда үлкен қызметте істеді. Соңғы бастықтың бірінші орынбасары болып жұмыс істедім. 125тен аса ардагер бар. солардың дненсаулықтары, сол арқылы жұмыс көп сияқты көрінеді.
Мұхаметқали Қинаятұлының негізгі мамандығы геолог, бірақ ұлттық қауіпсіздік органына жан қалауымен келіпті. Жылдар бойы ісіне адал еңбек етіп, жауапты саланың жілігін шағып, майын ішетін деңгейге жетті. Абыройлы істе абыройды сақтап қалу да оңай емес, бірақ жауапкершілік пен адалдық болса адастырмас, дейді.
Мұхаметқали Жантеміров, ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Әрине біз істеген уақытта талай уақыт өтіп кетті. Бірақ қазіргі ойым біріншіден елінің, егемендігін тұтатыстығын қорғау долында жүргенене кейін абыройы жоғары. Халықтың сенімі зор. Жастардың абыройы әрқашанда үстем болсын дегім келеді.
Иә, ұлттық қауіпсіздік саласы қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сырттағы солақай саясат пен арам ағым тағы бар. Осының ішінде мемлекеттің ең құнды байлығы - халықтың қауіпсіздігін қызғыштай қорғау дәл осы сала мамандарының негізгі мақсаты.
Самал Қалиқызы