Павлодар қаласының Орталық жағалауында көңіл мен қиялға толы ерекше атмосфера орнады. «Жастар в деле» жобасы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Qum Battle» байқауы жаз маусымының ең жарқын оқиғасына айналды. Оған тілшіміз Дильназ Қуанышбекқызы қатысып қайтты.

5 түрлі командаға бөлінген қатысушылар кездейсоқ таңдалған тақырыптар бойынша өздерінің қиялын құм арқылы бейнелеуге кірісті. Бірі ертегі әлеміне саяхат жасаса, енді бірі теңіз асты патшалығын бейнелеуге бел буды. Байқау барысында әр командаға арнайы уақыт берілді. Дәл осы аралықта олар құмнан қамалдар тұрғызып, шебер туынды жасады.

Айжан Қали, еріктілер орталығының басшысы

Тілкелген қатысушыларға 60-90 аралығында уақыт беріледі.Осы уақыт аралығында түрлі қамалдарды жасауы қажет.Және де 1,2,3 орынға сыйлықтарымыз бар. Осы сайыстан бөлек бізде үстел ойындары болады.Қалаған жастар келіп ойын ойнап отырады.

Қарақшылар, Су перісі, Кішкентай Мұқ секілді ерекше атаулы командалар жеребе арқылы өз тақырыптарын алып, құммен өнер туындыларын жасай бастады. Әр топтың ынтымағы, ұйымшылдығы мен ұшқыр қиялы байқау көркін қыздырды.

Дильназ Қуанышбекқызы, тілші

Міне дәл қазіргі сәтте біз орталық жағалаудың құнарлы құмында кішкентай мұқ командасымен бірге Гавай аралын салып жатырмыз.Өздеріңіз бірге тамашалаңыздар.

Қатысушыларға қажеттінің бәрі – күрек, тырнауыш, шелек пен су – түгел дайын. Кішкентай қолдар құммен жұмыс істеп жатқанымен, жасаған бейнелері үлкен әсер қалдырды.

Милана Ахметова, қатысушы

Бүгін мен бұл байқауға жеңу үшін келдім. Біздің командада 4 қатысушы. Олар барлығы менің інілерім. Біздің тақырып Гавай. Яғни біз Гавай аралдарын саламыз. Біз міндетті түрде бірінші орын алуымыз қажет.

Бұл шара жазғы демалыстың қызығын арттырып қана қоймай, отбасы мүшелерін, достарды, еріктілерді бір арнада тоғыстырған тамаша жоба болды. Құм үстінде өткен көңілді бәсеке «Qum Battle» көпшіліктің есінде мәңгілікке қалатын ерекше әсер сыйлады.

Дильназ Қуанышбекқызы