Дәл осы күні 1997 жылы «Нотариат туралы Заңға» қол қойылды. Ал, 2023 жылдан бастап елімізде 14 шілде - Нотариат күні деп бекітіліп, атап өтілуде. Жалпы нотариус деген кім, олардың негізгі мақсат міндеті қандай? Келесі сюжетте.
Ирина Клименко Павлодар нотариалдық аумақтық округінің нотариусы. Ата-анасы да осы әділет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен. Енді міне әке-шешесінің ізін жалғап, кейіпкеріміз де нотариат саласына үлес қосып келеді.
Ирина Клименко, Павлодар нотариалдық округінің нотариусы
Біздің елімізде нотариус құжаттарды растаумен, сату сатып алу шарттарын, сыйға тарту келісімшарттарын, сенімхаттарды жасаумен, дәлелдемелерді қамтамасыз етумен, қолтаңбалалардың түпнұсқалығын қамтамасыз етумен айналысады. Оған қоса атқарушылық жазба бар, бұл қарыздарды өндіріп алу. Яғни коммуналдық төлемдерді, заңды тұлғалардың арасындағы қарыздарды өндірумен айналысамыз. Жыл сайын жұмыс бағыты артып келеді.
Нотариустар жеке және заңды тұлғаларға құқықтық кеңес береді. Екіарадағы келісімді басынан аяғына дейін жолға салады. Күнделікті өмірде бірде бір келісім, мүлік сату және сатып алу осы мамансыз жүзеге аспайды.
Ирина Клименко, Павлодар нотариалдық округінің нотариусы
Көбінесе мұрагерлік бойынша келеді тұрғындар. Яғни көбісі қайтыс болар алдында өзінің мүлкін кімге, қалай тағайындау үшін жүгінеді. Сондай-ақ, сенімхат жасауға да көп келеді. Әсіресе егде жастағы адамдар банкке, халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмайды, сондықтан жақындарына сенімхат жазып береді. Өзім жиі шығып тұрамын, жаңа ғана Хоспистен келдім. Яғни жүріп тұруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қызмет алуға бұл үлкен көмек.
Сонымен, нотариат саласы – бүгінгі заң мен тәртіп үстемдік құрған заманда маңызды. Себебі нотариустар мемлекет жүктеген өте маңызды миссияны мінсіз атқарып, жылжымайтын мүлік нарығының экономикалық және құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жеке, заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауда қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Самал Қалиқызы