Соңғы кезде балалардың терезеден құлап кету оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты құтқарушылар мен «Vostok Trade Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясын ұйымдастырды. Олар бірлесіп терезеге құлыптау құрылғысын орнатты.
Құтқарушылар мен жергілікті кәсіпорындардың бірі – «Vostok Trade Pro» компаниясы әлеуметтік осал отбасыларға терезе блокаторларын тегін таратты. Бұл құрылғы бөлмені желдетуге мүмкіндік бере отырып, баланың қауіпсіз қозғалуына жағдай жасайды. Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, көпбалалы және мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Сабина Жолдапсаева