Өңірдің ветеринария саласында биыл жарты жылда ауқымды жұмыс атқарылды. Бірінші жартыжылдықта өңірде 344 мыңнан астам жас малдың құлағына сырға салынды. Оның ішінде ірі қара мал 101 мыңнан астам, ұсақ мүйізді мал 147 мың, жылқы 21 мыңнан асады. Сонымен қатар, 73 мыңға жуық шошқаға таңба тағылды.
Жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы малдарына жыл бойы 12 түрлі індетке қарсы екпе егу жоспарланған. Бұл шамамен 6 миллион ветеринариялық манипуляцияны құрайды. Сондай-ақ, туберкулез дертіне қарсы 178 мыңға жуық аллергиялық зерттеулер жүргізіледі.
Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы
Бүгінгі таңда бізде бруцелезге қарсы қара мал мен қойларды тексереміз. Қан алу арқылы. Бұл диагностикалық зерттеу. Бүгінде 277 мың қара малдан қан алынды. Оның ішінде 1843 бас анықталды. 353 мың қойдан қан алынды. Оның ішінде 86 бас ауру мал анықталды. Олардың бәрі 15 күн ішінде союға жіберіледі. Яғни, ауруға шалдыққан малдар убойный пунктерге жіберіледі.
Сібір жарасы алғаш рет облыс аумағында 1900 жылдары анықталған. Бүгінде елімізде бұл қауіпті аурудың 131 жағдайы тіркеліп отыр.Барлық жерлеу орындары анықталды. Айналасындағы санитариялық қорғаныс аумақтары да бар. Жыл сайын көктем және күз айларында бұл ошақтардың жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы
Ақмола облысы, Атбасар ауданында сібір жарасы тіркелді өкінішке орай. Енді картадан да қараса, ол бізге жақын аудан емес. Сонда да, біз профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Оны қатаң бақылауға алып жатырмыз. Одан бөлек, көрші облыстардан малдардың келуі қатаң бақылауда.
Бүгінде облыс бойынша жалпы саны 239 мал қорымы бар. Оның 33-і ветеринариялық-санитариялық талаптарға толық сай келетін үлгілік қорымдар. Қалған 206 нысан қарапайым шұңқыр ретінде пайдаланылып отыр. Сондай-ақ, облыстағы 126 ауылдық округтің 41-інде үлгілік ветеринариялық пункттер жұмыс істейді. Ал 17 ауылда 2021 жылы құрылған заманауи блок-модульдер бар.
Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы
Біздің жоспарымыз бойынша 2026 жылы жоқ ауылдарға ветеринарлық пункттер салу. Блок модульдер немесе типтік пунктер салынады. Олар медпункт секілді, ауылдық жерлерде көп жұмыс атқарады. Мамандардың жұмысын да онтайландырады. Бүгінгі таңда техникалық қауіпсіздіктің сақталуына байланысты осы ветеринариялық пунктің болуы өте қажет.
Бұдан бөлек, Баянауыл ауданының Жаңатілек, Ертіс ауданы Панфилов ауылдарында жаңа мал қорымдарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды. Қазір бұл жобалар ведомстводан тыс сараптамадан өтеді. Бұл жұмыстар аудандық құрылыс бөлімдері арқылы жүзеге асады.
Сабина Жолдаспаева