Ветеринария саласына өмірін арнаған азаматтар облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталарына ие болды. Салтанатты шара қызметкерлердің кәсіби мерекесі күніне орайластырылды.
Қазір ақпараттандыру, технология заманы жетті дегенімізбен, кейбір сала, кейбір мамандықтар қашан да маңыздылығын жоғалтпайды. Мәселен, мал шаруашылығының ең беделді саласы ветеринария. Сондықтан Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында бұл бағытқа ерекше көңіл бөлініп келеді.
Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Елімізде былтырдан бастап 10 шілде ветеринария қызметкерлерінің күні болып бекітілді. Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен олардан алатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринария мамандарының маңыздылығын атап өтуге, оларды ынталандыруға бағытталған. Олардың қызметі үлкен шыдамдылықты, кәсібилікті, жанашырлықты қажет етеді. Сіздер күннің ыстығы мен суығына қарай әркез көмектесуге дайынсыздар. Бүкіл адамзаттың дамуына үлес қосу. Сіздердің арқаларыңызда қауіпті індеттердің алды аланып, жануарлардың денсаулығы қорғалады. Олармен біз тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігі сақталуда.
Осы ретте Достық үйінде өңір ветеринарларының басын қосқан салтанатты шара өтті. Жылдар бойы осы салада еңбек етіп, өмірін мал шаруашылығымен байланыстырған жандар облыс әкімінің атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарға ие болды. Солардың бірі - Зоя Адамқызы. Аққулы ауданында ветеринар-фельдшер болып жұмыс істейді.
Зоя Жантинова, Аққулы аудандық ветеринарлық бөлімнің ветеринар-фельдшері
Мен оқу кезімнен ауылдарда жұмыс жасайтынмын. Мария Александровна деген ветврач болған. Бірақ өскесін дәрігер боламын дедім. Ветеринария оқып шығып, соны жұмыс жасадым. Оны ветеринария станциясына.
Біраз уақыт бойы ветеринария саласына назардан тыс қалып қойғанын мойындау керек. Тиісті деңгейде бұл бағытқа көңіл бөлінбеді. Бірақ соңғы жылдары ауыл, ауданда ветбекеттер ашылып, заманауи жабдықтала бастады. Мәселен биыл Ақтоғай, Баянауыл, Шарбақты аудандарында блокмодуль ветеринарлық пункттер қолданысқа беріледі.
Павел Сурма, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы
Бүгін үлкен мереке атап өтіледі. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік иесі адамдар мен жануарлардың өмірін сақтауға атсалысатын адамдардың мерекесі. Бұл мамандар өздерінің уақытын, денсаулығын, энергиясын жануарларды емдеуге жұмсайды. Үлкен жауапкершілік. Ветеринарлар күні осымен бірнеше жыл қатарынан атап өтіліп келеді. Еңбектің еленгені деп ойлаймын.
Ветеринария елдің дамуы үшін маңызды салалардың бірі. Сондықтан бұл бағытқа санмен ғана емес, сапамен көңіл бөлінгені қуантады.
Самал Қалиқызы