Павлодарда ұрланған көлік апатқа ұшырап, жүргізуші сол жерде көз жұмды. Оқиға 13 шілде күні Назарбаев даңғылы мен Ломов көшесінің қиылысында болды.

Жедел жәрдемге шақыру сағат 14:07-де түсті. Дәрігерлер оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Медицина қызметкерлері ер адамның ауыр жарақат алғанын анықтады. Сонымен қатар жол апатынан зардап шеккен 9 жастағы қыз бала облыстық балалар ауруханасына, ал 1994 жылы туған әйел қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Жанар Белялова, Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі

Ер адам мерседес маркалы автокөлікті айдап әкеткен. Содан кейін, Назарбаев даңғылы Ломов көшелерінің қиылысында лада грант пен хюндай туксон автокөліктермен соқтығысты. Нәтижесінде ұрлаушы апат болған жерде қайтыс болды.

Аталған факті бойынша көлікті заңсыз иелену және жол-көлік оқиғасы дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сабина Жолдаспаева