Облыс әкімінің бастамасымен бірнеше жылдан бері тұрғындарға қолайлы демалыс аймақтарын құру қолға алынған. Қалалық ортаны абаттандыру бағдарламасы аясында биыл 17 шағын саябақ салынады. Одан бөлек, мемлекеттік рәміздер алаңы күрделі жөндеуден өтеді. Толығырақ келесі сюжетте.
Бүгінде 7 саябақта жұмыс толық аяқталған. Олар Достық шағын ауданы, Назарбаев көшесі 309, Ломов көшесі 154/4, Назарбаев даңғылы 3/2, Набережная көшесі 5 және 7, Авиақалашық шағын ауданы, Чокин көшесі 94 пен Павлов 38 көшелерінде шағын саябақтар орнатылды.
Данияр Жұмаділ, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Қалған 10 саябақ тамыз айының басына дейін тұрғындардың игілігне пайдалануға беріледі. Бір ерекше атап өтерлігі, бұл тұрғын үйлерге жақын аумақтарды біз абаттандырып, көріктендіріп, демалыс орнын жасақтап, арнайы тұрғындар үшін жасап жатырмыз. Бұл жоба павлодарлықтар тарапынан оң бағасына ие болды. Қызығушылық танытып жатыр. Тіпті өзге аулалардағы, өзге көшелердегі тұрғындар дәл осындай шағын саябақтарды үйлеріне жақын орналастыру өтініштері түсіп жатыр. Бұл өтініштер келесі жылғы жоспарларға қарастырылатын болады.
Сонымен қатар, қаланың маңызды нысандарының бірі –Мемлекеттік рәміздер алаңында жөндеу жұмыстары басталды. Алаңның жалпы келбеті жаңартылады.
Данияр Жұмаділ, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Павлодар қаласында Лермонтов көшесінде ренновациялау бойынша үлкен жоба іске асырылып жатыр. Сол жобаның аясында, ту тұрған алаң да күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардлың игілігіне беріледі.
Қалған нысандарда жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Барлық 17 саябақты абаттандыру тамыздың біріне дейін аяқталады деп жоспарланды.
Сабина Жолдаспаева