Атамекен кентінде орналасқан ірі диірмен өндіріс ауқымын арттырып келеді. Бұған дейін тәулігіне 150 тонна бидай өңдеген кәсіпорын енді 350 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік алып отыр.Жаңа өндірістік желілер Түркиядан жеткізілген заманауи техникамен жабдықталған.Мамандардың айтуынша, жаңа қондырғылар іске қосылған соң, ұн сапасы мен көлем қатары артады.
Дильназ Қуанышбекқызы,тілші
Біз қазір ұн өндіретін диірменнің ішіндеміз. Мұнда бидайды өндеп сапалы ұн шығарады.Күнделікті тұтынатын нан, бәліш пен макарон өнімдері барлысы осындай өндіріс орындарында дайындалатын ұннан жасалады.
"Евразия Агро" кәсіпорны 2017 жылы ашылған. Алғашқы кезеңде тәулігіне 150 тоннаға жуық бидай өңделетін. Қазір өнім тек Павлодар өңірінде ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарына жөнелтіледі. Жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн шығарылады. Зауытта шамамен 100ге жуық қызметкер еңбек етеді.
Есман Қабдығалиев, «МК Евразия-Агро» ЖШС директоры
Қазір бізде жаңа мельница салынып жатыр.Ескі мельница бізде 150 тонна бидайды өндірдік.Қазір енді 315-350 тонна бидайды бір тәулікте өндей аламыз. Алла жазса жақында ашамызда тағы да 350 тонна ұн шығарамыз. Барлық компанияларда ұнды жақсы шығарады деп ойлаймын ал бізде лаборатория енді мықты лаборатория осы Қазақстан бойынша бізде 3-4 лаборатория бар шығар.Соның арқасында біздің ұнымыз жоғары сұрыпты.
біздің өңірдің өнімі еліміздің барлық аймақтарында жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанға да экспортталады. Кәсіпорынның басты назар аударатын орны – зертхана. Дәл осы жерде бидайдың сапасы сарапталып, ұнның жоғары сұрыпты болуына ықпал етеді.
Анастасия Скрипник, зертхана меңгерушісі
Зертхана барлық жұмыс барысының көзі һәм құлағы.Егерде ұн өндіру кезінде бір заттар дұрыс болмай жатқанда осы зертханадағы бас мамандар бақылауда ұстайды.Жетіспей қалған жерлер болса барлығымыз бірге тексеріп, қараймыз. Біздің техника қазіргі заманға сай. Соның арқасында біз барлық тексеру жұмыстарын жүргізе аламыз.Сондай-ақ крахмалды ,қамырдын қаншалықты сапалы шығатынын бәрін қарап тексереміз.Қамырдың қалай жайылып,созылатыны тұтынушылардың қолына түскенге дейін барлық процесс біздің алдымыздан өтеді. Әрине біз сапалы ұнды өндіріуге барымызды саламыз.
Айта кетейік, әсіресе Оңтүстік аймақтарда, тандыр нан пісіру үшін Павлодар ұнына жоғары сұраныс бар. Себебі бұл ұнның желімтек деңгейі жоғары әрі сапасы тұрақты. Сонымен қатар кәсіпорын қаладағы ірі сауда орындарымен де жұмыс істейді.
Дильназ Қуанышбекқызы, тілші
Қазір диірмен кеңейіп жатыр.Жаңа құрылғылар қойылып, жұмыс көлемі артып келеді. Яғни, болашақта мұнда бұрынғыдан да көп өнім шығатын болады.
Дильназ Қуанышбекқызы