Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінде еліміздің 5 өңірінен келген 130-ға жуық жас сарбаз Отан алдында ант қабылдады. Жас бозбалалардың қуанышты әрі толқынысқа толы сәтін олардың ата-аналары мен жақын туыстары бірге бөлісті.

Әскери ант – бұл міндет емес, бұл – ұлт алдындағы уәде, ата-бабаның аруағы алдында иілген сәт.

Азамат Бейсенбай, 5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері

Отан алдындағы борышымды өтеу үшін армияға келіп, үздік әскер болып,қазір үздік сарбаз болып тілек сөзді айту мүмкіндігі берілді. Отандық борышын әскерде өтеу әрбір ер азаматтың міндеті деп есептеймін.Ешқандай қорқыныш жоқ.Ешқандай уайым жоқ.1 жыл тез мерзім тез өтіп кетеді.Қазір сарбаздар арасында достарымыз бар.Барлығымыз жақсы тіл табысып кеттік.

Осы жылы 5512 әскери бөліме халқына адал қызмет ету үшін Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау,Семей,Өскемен қалаларынан жас сарбаздар келді.

Олжас Жүнісов, №5512 әскери бөлімі командирінің орынбасары

Мен осы 1 ай көлімде жас сарбаздардың тәрбиесіне, сабағына олардың жетілуіге жауап бердім. 5 Аймақтан 130ға жуық әскери қызметші шақырылды.Олар енді бүгінгі әскери анттан кейін ертең өздерінің бөлестеріне барады.Ары қарай әскери бөлімге жүктелген тапсырмаларды барлық жеке құрамның толығымен солардың құраммымен орындайды.

Әскери ант қабылдау салтанатына әр өңірден 500-ге жуық ата-ана келіп, балаларының алғашқы ант қабылдау рәсіміне қатысты. Әскери бөлім жас сарбаздарға арнайы сейілдеме рұқсатын берді.

Жанат Үсенова,ата-ана

Үлкен ұлым Бейсенбай Азамат осы ұлттық ұлланың сарбазы болып қабылданды.Бүгін Отан алдындағы борышын өтеп ант қабылдау рәсіміне келіп отырмыз.Өзім Тұркістанның тумасымын бірақ Астанада тұрамыз. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Әрбір ана өз баласына әрине уайымдайды.Бірақ ұлттық ұлан әскери бөлімшесі өте керемет. Өйткені ол жерде тәртіп барлық жағдай жасалған.Әрине ұл балаға әскерге бару міндеті борышын өтеу керек деп ойлаймын.

Армия – тәртіптің мектебі, төзімділік пен жауапкершіліктің ордасы. Ер азамат – ел қорғаны. Ол қандай қиындық болса да, елі үшін еңсесін тік ұстауы тиіс.

Ғалымжан Шарапатов, «Ауған соғысы ардагерлерінің Павлодар қалалық одағы» ҚБ төрағасы

Өмірде ер адам бір-ақ рет ғана әскери ант бере алады.Ол деген өз жеріне, еліне мықты болуы керек менің ойымша.Енді өкөріп тұрсыздар әртүрлі жағдайлар болып жатыр.Сарбаздарымыз мықты болуы керек, өзіміз осы әскери бөліммен жарыс өткіземіз.Акт залдарда түрлі сайыстар өткіземіз.Ең бастысы әскеріміз мықты болуы керек.

Ант қабылдау – қару ұстау ғана емес. Ол – бейбіт таңның, тыныш өмірдің күзетшісі болуға дайынмын деген ерік-жігердің белгісі.

Дильназ Қуанышбекқызы