Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады. Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Алдымен таңғы сағат 7:00-де мешіт аумағында айт намазы оқылады. Содан кейін барып, құрбан шалуға болады. Айта кету керек, айт намазына келушілер өз жайнамаздарын бірге ала баруы шарт. Себебі, өңір қызыл аймақта болғандықтан намаз мешіт ауласында оқылады.
Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:
2021 жылы бізде үлкен Құрбан айтымыз ҚРМДБ, бұлай айтқанда ғұламалардың кеңесінің фатуасына орай, фвтуа және бөлім, шариғат және бөлім фатуасына сәйкем бұл жолы Құрбан айт шілде айының 20-21-22 не сәйкес келеді. Яғни хиджри жылымен санаған кезде 1442 жылдың Зұлхиджа айы 10-11-12 күні Григориан календарьінің 2021 шілденің 21-22-23-не сәйкес келеді.
Биылғы жылғы Құрбан айттың ерекшелігі неде? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандары «Құрбан айт-2021» сайтын құрастырып шығарған. Бұл онлайн форматта құрбан шалуға мүмкіндік береді. Сайтқа тіркеліп, өзіңіз туралы барлық ақпаратты жүктеген соң, ақшасын төлейсіз. Бір жасар қойдың бағасы 65 мың теңгені құрайды. Ешкі 40 мыңнан басталады. Ал, ірі қараны құрбан етемін десеңіз 450 мың теңге төлейсіз. Бірақ, ескере кететін жағдай, ірі қара малды бірнеше адам бірігіп шалуға болады. Негізінде құрбандық шалу жағдайы бар адамдарға парыз болып есептеледі. Биылғы жылы мал сою процессі «Құлагер» ипподромында өтеді. Сонымен қатар, малды соятын қасапшыға да қойылар талап бар. бұл ескертулер Құрбан шалынатын жерлерде ілулі тұрады,-дейді мамандар.
Зұлқарнай Ермұратұлы