Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы экономиканы жаңғырту, цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті. Үкіметке барлық салада ІТ шешімдерді жаппай қолдану тапсырылды. Президенттің дәстүрлі Жолдауын ел болып, қауым болып естіді. Қаламыздағы 5512 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары да Жолдауға ден салып, тыңдады.
Бұл дәстүрлі Жолдауға жиналған әскерилер. Ел үшін маңызды қадамдар мен жоспарлар айтылатын жолдауды офицерлер, командирлер, жас сарбаздар тыңдады. Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты елдегі тұрақтылық маңызды. Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық, деді Мемлекет басшысы. Жолдауды тыңдаған әскерилер де оны қолдап отыр.
Дана Мұқанова, №5512 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі
Бүгін 5512 әскери бөілімнде әскери ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады. Еңбек етуміздің нақты жол ыболып саналады. Ел боламыз деген бесігіңді түзе, сондықтан білесе қызмет атқаруымыз тиіс.
Иә, бұл жолдау жылдағы Жолдаудан ерекше. Оның ішінде цифрландыру, инвестиция тарту, агроэкономика, ауыл шаруашылығы, туризм, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылатын болады. Оң өзгерістер елдің әлеуетін арттыруға бағытталады.
Азамат Бейсембай, №5512 әскери бөлімінің жауынгері
Бүгін 5512 әскери бөлімі сарбаздар, офицер мырзалар 11.00-ден бастап ҚР Президентін тыңдап, мағлұматтар тыңдадық. Біздің әскери бөліміміз әрдайым жаңалықтарды өткізбейміз. Осы жаңалықтарды көріп отырамыз.
Жылдағы Президенттің Жолдауы алдағы жылдарға мақсат міндетті нақтылап, алған бағытымызды айқындай түседі.
Самал Қалиқызы