Колледж қызметкерлерінің сөзінше тағам түрі тәрелкеге ыстық күйінде салынған. Кейін суып қалған соң осындай күйге түсіпті-мыс. студенттер болса, қатып қалған тамақты видеға түсіріп қалжыңдаған болатынбыз,-деп ақталды. Ал, колледж басшылығы бұл суыған сайын қоюланатын тағам түрі,-дейді. Айта кету керек, бұған дейін тағамның сапасы мен дәміне ешқандай наразылық болмапты. 

Еркебұлан Байсалов, студент:

Ыстық күйінде бұл тағам дұрыс болатын. Бізден бұрын келетін студенттердікі болса керек. Мен тамақ ішіп болған соң қатып қалғанын көріп қалдым. Қалжыңдап видео түсіріп едік, досым оны әлеуметтік желіге салып жіберіпті.

Ринат Дүйсекенов, Павлодар қалалық монтаждау колледжі директорының міндетін атқарушы:

Ол яичневая каша деген нәрсе. Вязкость үлкен болып, сондықтан көріп тұр қатып қалған нәрсені, тарелкені аударып, комментарий істеді да. Осындай тамақты балаларды тамақ береді. Ойын ретінде.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы