«Павлодар» арнаулы экономикалық аумағының құрылғанына 15 жыл
«Павлодар» арнаулы экономикалық аумағының құрылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт ішінде ондаған қндіріс орын іске қосылды. Жүздеген жұмыс орындары құрылды. Еліміздегі ірі өнекәсіп алаңы алдағы уақытта қай бағытты дамымақ? Мерейтойға орай өткен салтанатты шарадан тілшіміз бяандасын.
2011-жылы 2-қараша күні «Павлодар» АЭК апймағын құру туралы қаулыға қол қойылды. Осылайша өнеркәсіп алаңы жұмысын бастады. Қазіргі уақытта онда 24 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Тағы 14 жоба іске асырылуда.
Биеке Болатов, «Павлодар» АЭК АҚ БК инвестициялық жобалар жөніндегі менеджері
«Павлодар» арнаулы экономкалық аумағы құрылған алғашқы күннен бастап жұмыс істеймін. 2011 жылы 29-қарашада Президенттің жарлығы шықты. 2012 жылы наурызда жеке басқарушы компания құрылды. Бүгін міне мерейтойымыз. 15 жасқа толдық. Аз уақыт болса да жетістігіміз көп. Жалпы инвестициялық портфеліміздің құны 800 млрд теңгеге жетті. 288 млрд теңгесі игерілді.
Бүгінде аумақта 100 түрлі өнім нарыққа шығады. Аумақ құрамында болу әрбір кәсіпорын үшін үлкен мүмкіндік. Салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылымның қоо жетімділігі- бұның бәрі дамуға берілген мүмкіндік.
Адам еңбегі шара аясында бағаланды. Аумақтың дамуына айрықша үлес қосқан жандар марапатқа ие болды.
Биеке Болатов, «Павлодар» АЭК АҚ БК инвестициялық жобалар жөніндегі менеджері
«Павлодар» арнаулы экономикалық аумағында бүгінгі таңда 1780 жұмыс орны құрылған. Еліміздегі ең ірі өнеркәсіп алаңдарының біріміз. Химия өнекәсібі, мұнайхимия, металлургия, метал өнімдері сияқты эконмиканың маңызды салаларына жұмыс істеудеміз.
Шара соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.