Негізгі Жаңалықтар Әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Павлодар қаласында жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Жиынға өңір басшысы, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери қызметшілер мен ата-аналар қатысты. Жиырма жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Салтанатты жиында сарбаздарға тілектер айтылып, ата-аналарға алғыс білдірілді.


Әскерге аттанатын сарбаздың барлығы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге дайын. Олардың қатарында Павлодар облысының әр ауданынан келген жастар бар. Ал бұл жолы жас сарбаздар Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінде қызмет етеді. Олар белгіленген тәртіпке сай әскери даярлықтан өтіп, бір жыл бойы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді атқарады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Қадірлі жас сарбаздар, қадірлі ата-аналар. Бүгін баршамыз үшін маңызды, ерекше күн. Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың әскери патриоттық тәрбиесіне аса мән беруінде. Осы маңызды бағыттағы жұмыстардың бірі Республикалық «Сарбаз жолы» жобасы. Халқымызда «Отанға қызмет ету-мінезден» деген сөз бар. Сол себепті сарбаздың нағыз күші оның мінезінде. Ел қорғау қастерлі міндет. Мұндай сәтте әр ата-ана мен сарбаздың жүрегінде үлкен толқыныс болатыны белгілі. Сондықтан ата-аналарға ұлдарыңызды азаматты болып қалыптасуына қосқан еңбектеріңіз үшін шынйы алғысымды білдіремін. Құрметті ел қорғандары Отан-оттан да ыстық демекші борыштарыңызды абыроймен өтеп, отбасыларыңызға ама-есен оралыңыздар. Ақ жол жас сарбаздар. 

Әскерге шақырылған жастар Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеуге жіберіліп жатыр. Ал қазан айының басынан бастап Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне шақыру басталады. Биыл бұл үдеріс «Сарбаз жолы» республикалық жобасы аясында жаңа мазмұнмен ұйымдастырылуда. 

Асқар Мұстабеков, ҚР қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Биылғы жылы қарулы күштерінде және басқа құрылымдарда осындай жаңартылған шаралар енгізіліп жатыр. Сарбаз жолы деп аталады. Бұл сарбаздарымызлы әскерге шақырылған уақыттан бастап әскерден оралғанша дейін істейтін шаралар болып табылады. Соның бірі әскерге шығарып салу іс-шарасы. Бұл тек Павлодар облысында ғана болып жатқан жоқ. Бұған дейін де бірнеше облыстарда, аудан орталықтарында да өткізіп жатыр. Бүгін жоспар бойынша Палодар облысына келіп, әскерге шығарып салу рәсімін өткізіп жатырмыз. Және айта кететіндей осы Сарбаз жолы шеңберінде әскери патриоттық тәрбие дейміз алғашқы әскери дайындық пәндері биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіліп жатыр. оқу ақпарат министрлігімен қосылып, биылдан бастап алғашқы әскери дайындық мектептерінде енгізілген. 

Әскерге аттанғандардың бірі Ақтоғай ауданының 19 жастағы тұрғыны Арсен Жамбыл. Жас жігіт Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұлан бөлімінде қызмет атқаратын болады. Әскери борышын өтеу туралы шешімді ол өз қалауымен қабылдаған. 

Арсен Жамбыл, әскерге шақырылушы

Әскерге бару Отан алдындағы борышым және ата-анамның алдында абыройым көтерілгендей. Менің айтатыным жастарға әскерден қорықпаңдар, бұл Отан алдындағы борышыңыз. Ата-аналарға айтатыным уайымдамаңыздар. Бұл бір жыл жоғалту емес. 

Жас сарбаз үшін алдағы бір жыл тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін жаңа кезең. Салтанатты жиында сарбаздарға елге аман-есен оралуы үшін ізгі тілектер айтылды.

Сабина Жолдаспаева 


Бөлісу