Негізгі Жаңалықтар Батырлар рухына арналған күрес турнирі өтті

Батырлар рухына арналған күрес турнирі өтті

Май ауданы Көктөбе ауылында даңқты батыр, қолбасшы, дипломат Маласайсары тархан Тоқтауылұлы мен Күшік батыр Байтілес рухының құрметіне арналған халықаралық еркін күрес турнирі өтті. Жасөспірімдер арасында өткен жарысқа еліміздің әр облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сондай-ақ, Ресейдің Тыва республикасынан жас спортшылар қатысты.  


Алдымен алыс-жақынан келген командалар сап құрып, ортаға шықты. Әрқайсысы жас болса да аймақтарының, елдерінің намысын арқалап, Май ауданына келді. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі ел үміті. 

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген баршасы батырлардың өмірі мен ел Тәуелсіздігі жолындағы еңбегіне тоқталды. Жиналған жастарға сол батырлардай қайратты, жігерлі болуын тіледі. Күрес - денені ғана емес, рухты да шыңдайды. Биыл екінші жыл қатарынан дәл осы спорттан турнир ұйымдастырылып жатқан себебі де сол, жастардың күш қайратын шыңдау. 

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Осы жарысқа арнайы ат терлетіп келген барлық командаларға, жаттықтырушыларға және спорт жанашырларына Май ауданының атынан алғысды білдіремін. Жас балуандарымыз боз кілемде белдесіп, өзара тәжірибе алмасып, достықтарын нығайта берсін! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Мықтылар жеңсін! 

Ресми ашылу салтанатынан соң балуандар белдесуі басталды. Турнирге Қазақстанның әр боысынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сондай-ақ, Ресейдің Тыва республикасынан 400 ден астам спортшы жиналды. Жарыс екі күнге созылып 20 салмақ дәрежесінің жүлдесін сарапқа салды. 

Ермырза Сыздықов, турнирдің бас төрешісі

Жиырма салмақ жәрежесінде балуандар күресіп жатыр. Бүгін бірінші күн 2012 ден және 2013 жылы туған жасөспірімдер күресіп жатыр. Ертеңгі күні 2014 және одан кіші жас өспірімдлер күреседі. Жарысты бағалап кетсем өзім өте жақсы, тартысты белдесулер болып жатыр. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден мықты балуандар келді. Павлодар облысының да мықты балуандары бар, өте тартысты белдесулер болып жатыр.

Малйсары батыр тұтас ғұмырын, Қазақ хандығының тәуелсіздігіне арнады. 18 ғасырда хандыққа қауіп төніп, қиын - қыстау сәт туған еді. Тұтқиылдан шапқан Жоңғар елі қазақ даласына тереңдей еніп те кеткен еді.  

Қаныш Сабыров, Май ауданының құрметті азаматы

Осы кезде қазақтың батырлары мысалы Малайсары батыр, Күшік батыр, Тілеуқабыл сияқты басқа да көптеген батырларымыз қол жинап, қалмаққа қарсы соғыс көтеріп, 30 жыл Жоғарға қарсы Ұлы отан соғысы болды. Малайсары баиыр Абылайханның жанында жүрді. Абылайхан Малайсары, Баян батырлар болмаса жорыққа да шықпайды екен. 

Малайсары тарханмен бірге күш біріктіріп, күрес жолына түскен қаһармандардың бірі Тілеуқабыл батыр. Бұл жарысқа сол батырлардың ұрпақтары арнайы жүлде тігіп әкеліпті. 

Сүлеймен Жүнісов, кәсіпкер

Біздің үлкен аталарымыз ғой. Енді біз солардың ұрпағымыз. Мен Тілеуқабыл батырдың тікелей 7-ұрпағымын. Құтты болсын осындай мереке. Жасөпірімдер өсе берсін. Жылдан жылға атап, батырларды ұлдйықтап өткізе берейік.

Жас балуандар жоғары дайындықтарын көрсете білді. Осындай жарыстар кез-келгенінің болашағына жол ашар мол тәжірибе берері сөзсіз. Кімнің мерейі үстем боларын боз кілем ғана шешеді. 

Оңолбек Асанов, бапкер 

Май ауданына бірінші рет келіп тұрмын. Бишкеек қаласынан келдік. Бес бала алып келдім. Жақсы дайындалып келдік. Қазір үшеуі келесі кезеңге өтті. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Шақырғандарыңызға рахмет!

Батырларды құрметтеп, рухына асқақтату жолындағы жарыс алдағы жылдары да жалғасады деп күтілуде. Осылайша ұйымдастырушылар жастарды салаутты өмір салтына баулып, өскелең ұрпақты өз тарихын, тарихи тұлғаларын құрметтеп өсетін азамат болып өсуіне ат салыспақ. 





Бөлісу